Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қыркүйек, 2022

Абай облысында 113,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Абай облысында баспана кезегінде 18 мыңға жуық адам тұр.

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрғандар үшін 276 пәтер беру жоспарланып отыр.

«Халықты баспанамен қамту - тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі бағыттпрының бірі. Бүгінде Абай облысында 18 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Оның ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, ҰОС ардагерлері және жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар бар. Жыл басынан бері 113,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Семейдің орталық көшелеріндегі көпқабатты 19 үйдің қасбетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды. Бұдан бөлек, жер үйлер аумағында 36 спорттық алаң мен футбол алаңы тұрғызылмақ.

«Жалпы облыс бойынша 51 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Оның ішіндегі 35 үй Семейде, 16 үй Аягөз қаласында орналасқан», - делінген хабарламада.

Фото: Егемен Қазақстан

415 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз