Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қыркүйек, 2022

Елорда полицейлері 40 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған күдіктілерді ұстады

Астана полицейлері 40 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту және интимдік жазбаларды тарату арқылы одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Бұл ретте күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған. Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екеуін ақша қаражатын беру барысында қылмыс үстінде ұстады, олардан 2 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.

Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz

102 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *