Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қыркүйек, 2022

AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды», - деп жазды ұйымнан.

«AMANAT» партиясының бұған дейінгі XXIІІ съезінде Ерлан Қошанов партия төрағасы болып сайланған болатын.

Айта кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталды. Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады . Еске салайық, кандидаттың белгілі бір саяси партия атынан сайлауға түсуі үшін аталған партияның мүшесі болуы міндетті емес.

346 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз