Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Қыркүйек, 2022

Шацкий Ұлттар лигасында үздіктер қатарына енді

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Ұлттар лигасында тамаша ойын көрсетті, оны статистика да растап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағандылық «Шахтердің» қақпашысы сейвтер көрсеткішінен турнирінде екінші болды. Шацкий 25 сейв жасап, бұл көрсеткіш бойынша Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммаға ғана жол берді, оның 27 сейві бар.

Үздік үштікке лихтенштейндік Бенджамин Бюхель (23) де кірді.

Айта кетейік, Шацкий Ян Облак (Словения) және Каспер Шмейхель (Дания) сияқты әлемдік футбол жұлдыздарынан оқ бойы озық шықты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С3 тобында бірінші орын алып, өз тарихында алғаш рет В дивизионына жолдама алды.Сонымен қатар, Магомед Адиевтің командасы плей-офф кезеңі арқылы Еуро-2024 жолдамасына таласуға мүмкіндік алды. 

655 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз