Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Қыркүйек, 2022

«Сарыөзек – Көктал» тасжолында көлік жүруіне тыйым салынды

Жетісу облысында «Сарыөзек – Көктал» тасжолында көлік жүруіне тыйым салынды.

«Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожолының 57 шақырымында жарылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қозғалыс тоқтатылды. Яғни, 29 қыркүйек күні сағат 09:00-ден бастап аталған автожол учаскесінің 45-68 шақырым аралығында автотранспорттың барлық түрлеріне қозғалыс жабылды»,- делінген Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған ведомствоның өкілдері азаматтардан осы бағытта жол жүрмеуін, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауын сұрайды.

Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Фото: InAlmaty.kz

727 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз