Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қыркүйек, 2022

Егеменді ел әскерінің даму жолы

        Приозерск қаласында орналасқан № 2 орта мектебінде әскери қызметтің беделін арттыру, қазақ халқының батырлары мен ұлы тұлғаларын жастар арасында дәріптеу, оқушыларды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында ерлік сабағы өткізілді.

 Алдымен, Приозерск гарнизонының 60601 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Нұрдос Маратұлы Қалымбетов ерлік сабағын ашып берді. Өз сөзінде Егеменді еліміздің төл әскерінің құрылуына және дамуына үлесін қосқан ерліктерімен көзге түсіп, бүгінгі күні барша қазақстандықтардың, әсіресе әскери қызметшілердің мақтанышына айналған әскери-ұшқыш, Халық Қаһарманы, Қорғаныс министрі қызметін атқарған армия генералы Мұхтар  Қапашұлы Алтынбаев, Қарулы Күштердің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан әскерін реформалау шараларына үлес қосып жүрген ауған соғысының ардагері, Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың есімдеріне ерекше тоқталып өтті. Екі әскери тұлға Қарулы Күштердің отыз жыл белесінде біраз игі істер атқарып өшпес іздерін қалдырып келеді.

Жастарға егеменді еліміздің тарихында оның қауіпсіздігі мен дамуына үлес қосқан Армия генералы Мұхтар  Қапашұлы Алтынбаевтың, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың өмірбаяны, ерлік жолы мен қазақстанның төл әскерін құру жолындағы сіңірген еңбектері мен атқарған қызметтері жеткізілді. Осындай елеулі еңбектері бағаланып – біздің Тәуелсіз Қазақстандағы ең жоғарғы марапаты болып саналатын «Халық Қаһарманы» атағының иегерлері,  әскери жолда қаншама игі істерге бастамашы болып әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлыққа машықтандырып, адалдығы мен еңбекқорлығымен жоғары лауазымдарға қол жеткізгендігі анық. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарындағы әрбір әскери қызметші Мұхтар  Алтынбаевтың, Бақытжан Ертаевтың есімдерін мақтанышпен айтып, өмірі мен ерлік жолын үлгі тұту керек!» - деп, оқушыларға өз ойын жеткізді.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мұрат Файзуллаев: «Халықтың сүйікті ұлдарының бірі, елінің мақтанышы, патриот тұлғалармен таныстырып, абыроймен атқарған әскери қызмет жолдары туралы біраз ақпарат бердіңіздер. Жас сарбаздарды патриоттық рухта тәрбиелеу, өзінің батырлары мен бетке ұстар азаматтарын қадірлеу, елін, жерін сүюге, өскелең ұрпақтың елінің адал ұлы, азаматы болып өсуіне тарту, үлгі болуына насихаттау мақсатында осындай игі іс-шараларды ұйымдастырып өткізгені үшін шексіз ризашылығымызды білдіремін, алдағы уақытта да сіздермен бірлесіп  көптеген әс-шараларды өткізетінімізге кәміл сенемін.- деп сөзін аяқтады.»

    Кездесулер әскери қызметшілердің тарапынан асқан қызығушылық танытып, жоғарғы деңгейдегі ұйымшылдықпен өткізілді.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

лейтенант Думан Жұмашұлы

 

648 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз