Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қыркүйек, 2022

«Союз МС-21» ғарыш кемесінің экипажы Жерге оралды

 29 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16:57-де басқарылатын «Союз МС-21» ғарыш кемесінің экипажы Жерге қонды. Ол Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым жерге қонды.

Ресейлік ғарышкерлер Олег Артемьев, Денис Матвеев және Сергей Корсаков 195 тәулікке созылған ұзақ ғарыштық экспедициядан оралды.

Экипаждың Халықаралық ғарыш станциясынан өтуі мен кемеге көшуінің барлық кезеңдері, люктердің жабылуы, ғарыш аппаратының стансадан ағыту және шығару процесі, ғарыш кемесінің қонған сәтінің барлығы тікелей эфирден көрсетілді.

Эфир барысында кеме командирі, ғарышқа үшінші рет ұшқан байқоңырлық Олег Артемьев: «Экипажда барлығы жақсы!» деді.

Қазіргі уақытта «Союз МС-21» ғарыш кемесінің қону алаңынан тікелей трансляция жалғасуда және экипаждардың жағдайы қалай екенін көруге болады.

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз