Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері музейіне барды

Мемлекет басшысы Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері музейін аралап көрді.

Президентке музейдің тарихы таныстырылды. Невзоровтар музейі – Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинақтаған ірі мәдени нысандардың бірі. Музейде түрлі бағыттағы 5 мыңнан астам экспонат бар.

 Атап айтсақ, Қазақстан бейнелеу өнері, XVIII ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы орыс өнері, XVI ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы Батыс Еуропа кескіндемесі мен графикасы, XX ғасырдағы Ресей, Орталық Азия, Грузия, Армения, Беларусь өнері. Невзоровтар отбасы атындағы музей 1985 жылы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-көркем бөлімі болып құрылған. Музей мәртебесі 1988 жылы берілді.

 

105 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *