Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 30 Қыркүйек, 2022

Әсел Жанасова Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

 ҚР Үкіметінің қаулысымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды рrimeminister.kz сайты.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «ENRC Kazakhstan» өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.

2016-2017 жылдары — «Зерде» ҰБХ» АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары — «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.

Фото: primeminister.kz

194 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *