Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қыркүйек, 2022

Президент шетелдік ғылыми ұйымдардың басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Chioda Technol Corp (Жапония) компаниясының президенті Атару Иноуимен, Лауэ-Ланжевен институтының (Франция) жетекші ғылыми қызметкері Валерий Несвижевскиймен және Біріккен ядролық зерттеулер институтының (Ресей) директоры Григорий Трубниковпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кездесуде Қазақстанның ядролық ғылым саласын дамыту перспективалары талқыланды. Шетелдік ғылыми ұйымдардың басшылары қазақстан тарабымен  тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

Президент еліміздің атом энергиясын тек қана бейбіт мақсатта пайдалануды жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр және ядролық отын түрлерін өзі өндіреді. Елімізде ядролық саланы ғылыми-техникалық тұрғыда қолдай алатын ғылыми мекемелер мен инфрақұрылым бар.

Әңгімелесу барысында олар Қазақстанда атом энергетикасын дамыту, заманауи ядролық технологияларды пайдалану, отандық білікті кадрларды даярлау мәселелері жөнінде пікір алмасты.

543 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

lhHUmFvySQDNsK

01 Қазан, 2022

jastCDXqE

YHLQVmZvyFegxb

01 Қазан, 2022

VClmUGShBb

KseVaUpqWFCw

01 Қазан, 2022

iOAjSLFJ

sJoQdxpU

01 Қазан, 2022

wSGxBJdFbQpiu