Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қыркүйек, 2022

Үкіметте өткен жиында бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерліктің нақты мәселесі бойынша жиын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

Жиын барысында Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері салық преференцияларына, жер қатынастарына, көлік шығындарын субсидиялауға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіруге және т. б. қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.

Жиын қорытындысы бойынша Е. Жамаубаев бірқатар тиісті тапсырмалар берді, соның ішінде белгіленген мерзімде реттеуші актілерді талдауды аяқтау бойынша.

115 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *