Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 01 Қазан, 2022

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері 1-3 қазан аралығында жұмыс істемейді

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктері 2022 жылдың 1-3 қазаны аралығында жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚМ Мемлкеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде азаматтардың, көлік құралдары мен жүктердің өткізілмейтінін хабарлайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмыс істеп тұрады.

«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөзден

379 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз