Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 22 Қазан, 2022

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шықты

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты, деп хабарлайды akorda.kz.

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;

2) Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;

3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – «Жүрегім нені сезесің?» концерті үшін;

4) Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;

5) Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;

6) Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;

7) Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілсін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ. Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 20 қазан

№ 1050

518 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз