Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Қазан, 2022

Степногор тау-кен техникалық колледжінде зертхана ашылды

Степногор тау-кен техникалық колледжінің студенттері енді бірегей жабдықта байытушы мамандығының қыр-сырын үйреніп, түсіне алады. Республика күні қарсаңында колледжде «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясының кәсіпорындарында металлургиялық зертханаларда қолданылатын жабдықтармен жабдықталған заманауи ғылыми-техникалық зертхана ашылды,- деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР ИИДМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Зертханада құрамында алтын бар кенді ұсақтау және ұнтақтау арқылы алтын өндіретін зауыттың нақты өндірісіндегіндей сынама дайындау үдерістері бойынша өндірістік цикл ұсынылған. Енді студенттер өздерінің эксперименттік ғылыми зерттеулерін Джонс бөлгішінде, диірменде, шоғырландырғышта, жақ ұсақтағышта, флотациялық машинеде және тау-кен өнеркәсібі мен металлургияның басқа да бірегей жабдықтарында жүргізе алатын болады. «Алтыналмас» бұл жобаға 150 млн теңгеден астам қаржы салды. 

Құрылыс-орнату жұмыстары мен жабдықтандыру колледждің материалдық-техникалық базасын жақсарту туралы меморандум аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 3-қабат және оқу-зертханалық корпустың аудиториясы, оқу орнының асханасы жөнделді. Колледж өз тарапынан тау-кен саласында сұранысқа ие мамандарды дайындайды.

«Тау-кен техникалық колледжі» МКҚК директоры Елена Тарасова: ««Altynalmas MetLab» жобасын бірлесіп іске асыру нақты зертханалық өндірістік жабдықты қолдана отырып, байытушы мамандарды даярлауға бағытталған. Сонымен қатар, колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері колледж керегесіндегі инновациялық шетелдік жабдықтарда тағылымдам алу мүмкіндігіне ие болды. 2021-2022 оқу жылында 60 студент кәсіпорынның Ақсу-2, Ақсу кварцит төбешіктері, Жолымбет жобаларында өндірістік тәжірибе алды. Тәжірибе бағдарламасы студенттердің оқу барысында алған теориялық білімдерін шоғырландырумен ғана шектелмей, студент-практиканттардың іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Үш жыл ынтымақтастығымызда «байытушы» түлектердің шамамен 80%-ы кейіннен жұмысқа орналастырылатын етіп, тәжірибе өтуді ұйымдастыру туралы 200-ге жуық шарт жасалды», - деп атап өтті

Колледж ұстаздары да тәжірибе алмасу және өз құзыреттерін арттыру мақсатында «Алтыналмас» кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтеді. Колледжбен белсенді жұмыс жасау және ынтымақтастық құру оқыту бағдарламаларын жаңғыртуға және пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін құруға бағытталған, бұл кейіннен колледж түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, компания өңір жастарын дамыта отырып, білім беру саласына өз үлесін қосып келеді.

Степногор қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов MetLab ашылу салтанатында колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің маңыздылығын атап өтті: «Біздің өнеркәсіптік қаламызда өндірістік мамандықтардың өзектілігі әрқашан жоғары. «Алтыналмас» АҚ қала құраушы кәсіпорын ретінде қала тұрғындарымен ғана шектелмей, өндірістік қызмет жүргізетін жақын маңдағы ауылдарды да жұмыспен қамтамасыз етеді. Яғни, колледж кәсіпорын үшін жұмысшы кадрларын шығарады. «Алтыналмас»-тың қаладағы тау-кен техникалық колледжімен ынтымақтастығы жас ұрпаққа өсу мен даму үшін тамаша мүмкіндіктер береді».

Компания 2019 жылдан бері оқу орнымен ынтымақтасып келеді. Іс жүзінде Степногор аймағындағы «Алтыналмас» кәсіпорындары қызметкерлерінің шамамен 30%-ы - тау-кен техникалық колледжінің түлектері. Жергілікті мамандарды жұмысқа орналастып, дамыту – тұрақты даму қағидаттарына сәйкес қызмет атқаратын өңірдің қала құраушы компаниясы үшін басым міндеттердің бірі.

«Алтыналмас» қала құраушы кәсіпорын ретінде Степногор өңіріне әлеуметтік қаржыландыруға мүдделі. Сондықтан тау-кен колледжімен ынтымақтастық – бұл стратегиялық серіктестік және өз кәсіпорындары үшін қажетті мамандықтар бойынша кадр даярлау мүмкіндігі. Компания үшін жергілікті кадрларды жұмысқа орналастыру басты мәселе болып табылады. Мәселен, 2021 жылы ТМК мамандықтары бойынша түлектердің 72%-ы Ақмола облысының тау-кен компанияларына, оның ішінде 61%-ы «Алтыналмас» компаниялар тобына жұмысқа орналастырылды. Біз кадрлық әлеуетімізді толықтыра алатын колледж түлектеріне үлкен үміт артып отырмыз. Осы бағыттағы жемісті ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасады деп үміттенеміз»,деп персоналды басқару жөніндегі бас атқарушы директор, «Алтыналмас АК» АҚ Басқарма мүшесі Мақпал Нүсіпова өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Биыл компания колледжбен «пайдалы қазбаларды байыту» және «пайдалы қазбаларды ашық игеру» мамандықтары бойынша 30 студентті мақсатты даярлау және кейіннен жұмысқа орналастыру шартына қол қойды. «Кен орындарын, пайдалы қазбаларды ашық игеру», «электр және электр-механикалық жабдық», «пайдалы қазбаларды байыту», «маркшейдерлік іс» мамандықтары бойынша дуалды оқыту шарттарын жасасу келісілді. 

«AltynAlmas MetLab» жобасы өңірдегі ғылыми-зерттеу қызметін, халықаралық әріптестік ғылыми-техникалық байланыстарды дамытуға және жетілдіруге, жалпы колледж қызметінің тиімділігін арттыруға, озық тәжірибе алмасу жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

 

Фото: t.me/miirkz

806 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз