Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Қазан, 2022

Ақтөбеде ІІ Өңірлік тіл конференциясы өтті

Ақтөбе қаласында Республика күні ұлттық мереке қарсаңында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде ІІ Өңірлік тіл конференциясы өтті,- деп хпбарлайды kazgazeta.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім еткендей, бұл шара Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы және  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының қолдауымен батыс өңірінің денсаулық сақтау жүйесі мамандарының мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және  тілдік ортаны кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Конференцияда төрт облыстың Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері және батыс өңірінің денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары өңірлердің  денсаулық сақтау жүйесіндегі тілдік ахуал жайында өзекті  баяндамалармен сөз сөйледі.

Одан басқа   Өңірлік ІІ Тіл конференциясына Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Орынбордағы өкілдігінің төрайымы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тіл мамандары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық, қалалық ұйымдарының алқа мүшелері,  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, С.Бәйішев атындағы университетінің ғалымдары, облыстық ішкі саясат, білім, мәдениет және құжаттама, архив басқармаларының басшылары, Мемлекеттік кірістер департаменті, БАҚ өкілдері қатысты,  сондай-ақ  мемлекетік тілді қолдану  проблемасы туралы мазмұнды баяндамамен сөз сөйлеген  ҚР Парламенті  Мәжілісінің экс-депутаты, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Амангелді Әбдірахманұлы Айталының қатысуы ерекше  қызығушылық танытты.

Сонымен қатар Конференция барысында  тілдік ортаны кеңейту, медициналық терминдерді мемлекеттік тілде пайдалану, қазақ тілінде шығарылған оқулықтардағы тілдік нормасының өзекті мәселелері талқыланды.

Ғалымдар, қоғам қайраткерлері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері  Конференцияның күн тәртібі бойынша  өзінің ұсыныстарын  айтты.  

Конференция соңында  Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында, сондай-ақ  Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткен «Қазақтың ұлттық әдеби тілі» конкурсының қорытындысы бойынша батыс өңірінің денсаулық сақтау жүйесінің  мамандары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Одан басқа Ақтөбе облысының денсаулық сақтау ардагері, Халықаралық қазақ тілі қоғамының мүшесі Роман Рахиев және Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы риясыз еңбегі және  мемлекеттік тілдің іске асырылуына қосқан үлесі үшін А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерекелік төсбелгісімен марапатталды.  

ІІ Өңірлік тіл конференциясының қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Фото: gove.kz

831 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз