Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 11 Қараша, 2022

Андрей Тарковский: "Өзіңмен оңаша қалуды үйрен"

Көптеген данагөй ойшылдар оңаша қалуды өте пайдалы санаған. Солардың қатарында Андрей Тарковский де бар.  

"Жастарға мүмкіндігінше оңаша қалған пайдалы дегенді айтқым келеді. Өз-өзіңмен оңаша қалудан рақат табуды біліңдер. Меніңше, қазіргі заманның жастары шулы істердің, кейде тым өрескел әрекеттердің айналасына топтасып жүреді. Олардың басты кемшілігі де осы топтасуға деген ынтасында жатыр. Өзін жалғыз сезінбеу үшін топтасып өмір сүруге құлшыныс - менің пікірімше, өте қауіпті белгі. Меніңше, әр адам бала күннен жалғыздықта қалудың не екенін біліп өсуі керек. Бұл дегеніміз жалғыз қалу емес. Айтпағымыз, оңаша қалғаныңда ішің пыспайтындай уақыт өткізе білу. Себебі, оңаша қалғанда іші пысатын жан адамгершілік тұрғысында өте қауіпті адам".

Аударған Ш. Әбілдә
Фото: kinoafisha.info

1039 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз