Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 15 Қараша, 2022

Елімізде автокөліктер саны артты

2022 жылғы қыркүйекте 102,2 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9% көп, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 10,4%-ға, жүк автомобильдері – 20,8%-ға, автобустар саны 5,6%-ға артты. 

Ұлттық статистиңа бюросының мәліметінше, мәселен, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 362 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,8%-ы жеңіл автомобильдер, 10,2%-ы жүк автомобильдері және 2%-ы автобустар.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 092 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 8,9%-ға артты.2)

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 35,9 млрд теңге сомасында 68 885 сақтандыру төлемін жүзеге асырды. 3)

 

Фото: ашық дереккөздерден

1339 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз