Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 15 Қараша, 2022

Алматы облысында «Қазавиаорманқорғау» ұшқыштары жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуде

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК бақылаушы ұшқышы мен Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары Қапшағайдан Жаркентке дейінгі аралықтағы Іле өзенінің үстінен әуе патрульдік бақылау жұмыстарын орындады. Шараға kazgazeta.kz тілшісі де қатысқан болатын.

Іле өзенінің бойы жан-жануарлардың, табиғи орман ланшафтарының белдеуі. Сондықтан табиғат байлығы жыл он екі ай бойы қорғалады. Ал әуе патрульдік бақылау жұмыстарында тікұшақ көмегімен үлкен аумақты бір күн ішінде бірнеше рет бақылауға мүмкіндік бар. Оған Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары жұмылдырылады.

Алмас Байқазақов,

Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Бас маманы:

-Жедел алдын алу іс-шараларының барысында заңсыз аң аулау, ағаш кесу заңбұзушылықтары анықтаудамыз. Өз басымда, орман заңдылықтарын бұзған 18 тұлғаға әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды. Бұл қаңтардан осы уақытқа дейінгі аралықтағы жағдай. Көбінесе заңбұзушылықтар Алматы облысының Балқаш ауданында, бүгін аралап келген Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарының өзен-көл бойларында кездесіп жатады.

Әуе бақылауында 2 рет күдікті көрінген көліктерге қатысты  жерге қонуға тура келді. Біріншісі жағдайда, Шелек орман шаруашылық коммуналдық мекмесінің орман күзеті қызметкерлерінің патрульдік жүргізу айналымдарының барысы екені анықталса, екіншісі демалып отырған азаматтар болып шықты. Демалушылардың заңға қайшы қарулары, ешқандай заңбұзушылықтары анықталмады. Жалпы әуе бақылауы жұмысында, заңбұзушылық оқиғалары тіркелмеді. Аймақта, жағдай бірқалыпты, тыныш өтті.

Досжан Балабекұлы

Суреттерді түсірген автор

Алматы облысы

6632 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз