Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 18 Қараша, 2022

Adani Group Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Үндістанға келді. Сапар барысында Adani Group негізін қалаушы және төрағасы Гаутам Аданимен, Бас технология директоры Судипта Бхаттачарямен, сонымен қатар еншілес компаниялар бөлімшелерінің басшыларымен кездесулер өткізілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Алмас Айдаровтың Bloomberg агенттігінің мәліметіне сәйкес, әлемдегі ең бай адамдар тізімінің үшінші орнында тұрған үнді магнаты Гаутам Аданимен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың келешегі талқыланды. Ол үнділік кәсіпкерді Қазақстанға көлік-логистика, мұнай-химия және энергетика салаларындағы жобаларға инвестиция салуға шақырды.

new_03 Photo for post 3.jpg

Өз кезегінде Гаутам Адани Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін және оның аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік бағыттарын дамытудың маңыздылығы мен жоғары әлеуетіне ерекше назар аударды. Елдің көлік-логистикалық кешенін дамыту және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Adani Group стратегиялық серіктес бола алады.

«Қазақстан өңірге тікелей шетелдік инвестициялар ағыны бойынша көшбасшы болып табылады, қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және инвестициялық жобаларыңыз үшін қолайлы жағдайларға кепілдік береді. Сонымен қатар, қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, бірқатар шетелдік компаниялар аймақтағы өз стратегиясы мен қызметін қайта қарауда, бұл бізге Қазақстанда жаңа индустрияларды дамыту үшін мүмкіндіктер береді», - деді Алмас Айдаров.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Үндістандағы өкілі Олжас Әліпбаев екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық деңгейіне, елге ТШИ тартудың жай-күйіне, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолда бар шаралары мен ұлттық компания рөліне тоқталып өтті.

new_02 Photo for post 2.jpeg

Қазақстандық делегация құрамынаа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі Ульф Вокурка, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Үндістандағы шетелдік өкілі Олжас Әліпбаев және «QazaqGaz» ҰК АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Айдын Ақан кірді.

Adani Group өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен KAZAKH INVEST компаниясының инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бөлігінде көрсеткен қолдау деңгейін жоғары бағалады, сондай-ақ ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне үміт білдірді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Adani Group делегациясының Қазақстанға бірінші сапары өтті, оның аясында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Ағымдағы жылдың қазан айында Adani Group әуежайлары, порттары және логистика бөлімінің басшысы Сандип Мехта қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел аясында «Жаңа логистикалық шындыққа бейімделу» тақырыбындағы панельдік сессияға спикер ретінде қатысты. (KGIR-2022).

Анықтама:

AdaniGroup — 1988 жылы Гаутам Адани негізін қалаған және штаб-пәтері Ахмедабадта, Гуджарат қаласында орналасқан үнділік конгломерат. Конгломераттың негізін қалаушы және иесі Гаутам Адани Bloomberg агенттігінің нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 3-ші орында тұр.

2022 жылдың сәуір айында Компанияның жалпы нарықтық капитализациясы 225 миллиард доллардан асты. Компанияның жылдық табысы 20 миллиард доллардан асады, 50-ден астам елде 23 000-нан астам қызметкері бар.

AdaniGroup энергетика, порттар және логистика, тау-кен өнеркәсібі, газ, сондай-ақ әуежайлар, деректер орталықтары және т.б. қамтитын 7 ашық листингілік компаниядан тұрады.

545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз