Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 18 Қараша, 2022

Нағыз адамдарды жақсы көремін

Нағыз адамдар көбінесе жалғызсырап жүреді. Олар таза ойлы, зерделі, тәрбиелі, көзге жылы адамдар болады.
Кейде  аздап мұңды немесе шаршаңқы тәрізді көрінгенімен, бірақ оның астарында жасырынған аса үлкен күш-қуаты бар адамдар.
Басқалар  мінез-құлқын  соншалқыты жақсы түсінбейді.
Олар өздері сияқты адамдармен кездесіп, бірге уақыт өткізгісі келгенімен,  өздері қалағанындай болатын мүмкіндік жоқ екенін түсінеді.
Ақша мен атақ туралы айтқан жерде көп тұрақтамайды.
Олар басқаны өздері сияқты адал, ақкөңіл  деп көретіндіктен көбінесе алданып қалу, қателесу және көңілі қалу қаупі бар.
Бәрібір, ішкі қуаты арқылы күл арасынан шоқтай қызарып жанып, қайта көтеріле алады.
Оларға заманауи қоғамның идеялары, немесе атақ-даңқ,  бес тиын.
Оларға қандайбір  көзқарасты мәжбүрлеп қабылдату мүмкін емес.
Мұндай адамдар (ер, немесе әйел болса да) жанына сабыр мен тыныштық сыйлап бірге жүретін қандай бір адамды іздейді.
Сабыр, тыныштық  деген сөз ол адамның өткір мінезі жоқ,  шаблоннан шыға алмайтын біреу дегенді білдірмейді.
Жай ғана, оның  жанында сенімді болу, алдамау, көңілі мен ниетін саудаға салмауды айтады.
Өзгенің сөзімен өмір сүретін, атаққұмар,  тұрақсыз адамдарды  ұнатпаса да,  ақылымен  олардың алдында өзін ұстай біледі.
Сондықтан да мен нағыз адамдарды жақсы көремін...

Амантай Тойшыбайұлының Facebook парақшасынан

Фото: Суретші Анна Черненконың картинасы

968 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз