Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 19 Қараша, 2022

Шет елде білім алғың келсе...

Қазақстандық жастардың АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Австрия, Венгрия, Әзербайжан, Түркия, Словакия және басқа да елдерде тегін білім алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар. Шет елде оқуға ынталы жастарға оқу гранттары жайлы мәліметтерді жинастырған едім.

Әзербайжанның оқу гранттары

Әзербайжан Республикасы-ның жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің азаматтарына арналған білім гранттарына іріктеу жарияланып тұрады. Ұйым құрамындағы әр елге екі орыннан квота (1 негізгі, 
1 қосалқы) беріледі. Қазақстан 1995 жылдан бастап осы ұйым-ның мүшесі.
Оқыту грантына:
Оқу ақысы;
Әуе билеттері (жылына бір рет);
Тамаққа, жатын орынға және коммуналдық қызметке арналған ай сайынғы стипендия;
Медициналық сақтандыру;
Виза және тіркелу шығындары кіреді.

Америкада тегін оқу

Бакалавриат және жалпы медицина бағдарламасына 25 жасқа дейінгі, магистратура мен резидентураға 30 жасқа дейінгі, докторантураға 40 жасқа дейінгі азаматтар құжат тапсыра алады.
Құжаттар:
Өтінім беру формасы;
Бакалавр бағдарламасына тапсырушылар – аттестат, қалған бағдарламаларға – диплом мен транскрипт;
Төлқұжат көшірмесі;
Жалпы денсаулығы туралы құжат (ВИЧ/СПИД және В, С гепатит тестілері);
CV (түйіндеме);
Мотивациялық хат;
Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын құжат (шет тіліндегі бағдарламалар үшін: бакалавриат – IELTS 5, TOEFL 40, басқа бағдарламаларға – IELTS 5.5, TOEFL 50).
Барлық құжат ағылшын тіліне аударылып, нотариуспен расталуы қажет.
Шетелде бакалаврда оқу үшін дайындықты 9-сыныптан бастау керек.

Орталық Еуропа университеті

Орталық Еуропа университеті (ОЕУ) бакалавриат, магис-тратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқу гранттарын ұсынады. Оқу орны Австрия мен Венгрия-да. Оқыту тілі – ағылшын тілі. Орталық Еуропа университеті студенттерді тарту мақса-тында қаржылай көмек беруді жолға қойған. Студенттердің 80 пайыздан астамы қаржылай көмек арқылы оқуға түскен. Бакалавриат бағдарламасында оқу гранты көзделмесе де, 50 пайыз көлемінде жеңілдік ұсынады.

Жапонияның Keio университеті

Keio университеті Global Information and Governance Academic Program (GIGA) бағдарламасымен білім алатын шетелдік студенттерге стипендиялар ұсынады. Курсты аяқтаған студенттер қоршаған орта және ақпараттық зерттеулер саласы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болады. Бакалавриат бағдарламасына арналған стипендиялар ақпарат және басқару бойынша Жаһандық академиялық бағдарламаны (GIGA) зерттеу үшін беріледі.

АҚШ-тағы Akron Cuarantee стипендиясы

АҚШ-та оқып, бакалавр дәрежесін алғысы келетіндер Akron университеті ұсынатын Akron Guarantee стипендиясына өтінім бере алады. Бағдарлама Америкада оқуды қалайтын әлемнің түкпір-түкпіріндегі студенттерге қаржылай көмек береді. Студенттерге жылына 1000-нан 7500 АҚШ долларына дейін сыйақы тағайындалады.
Стипендияға орта мектептегі оқу үлгерімі 3,00-ден жоғары, сондай-ақ ACT-дан 20 немесе SAT емтиханынан 1020–1050 ұпайдан жоғары жинаған оқушылар тапсыра алады.
Бағдарламаға қатысу үшін университеттің бакалавриат бағдарламасына түсу қажет. Содан кейін ғана автоматты түрде грант тағайындау қарастырылады.
Құжаттар:
Оқу үлгерімін растайтын құжат;
Төлқұжат көшірмесі;
Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын келесідей сертификаттардың бірі: TOEFL iBT 71, IELTS 6,0, Duolingo тесті (DET) 95, CAE (Cambridge English: Advanced) 169, PTE 48, GTEC CBT / GTEC 1126/1135 ұпай.

Оксфордтың журналистерге арналған стипендиясы

Oxford университетінің Reuters журналистика институты Journalism Fellowship стипендиясына өтініштер қабылдайды. Бұл стипендия әлемнің түкпір-түкпіріндегі журналистерге мамандығы мен медиа индустрияға байланысты қалаған тақырыбында зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Институт жыл сайын 30 журналисті қабылдайды. Бағдарламаның ұзақтығы – алты айға дейін.

Стипендияға ие болу үшін үміткердің журналистика саласындағы тәжірибесі бес жылдан кем болмауы керек. Ағылшын тілінде түсініп, талқылауға қатыса алатын болуға тиіс. Ағылшын тілі үміткердің ана тілі болмаса, жарамдылығы екі жылдан кем емес тіл меңгеру сертификатын ұсынуы қажет. Бағдарламаға қатысушы журналистердің көбі толықтай қаржыландырылады. Сәтті тапсырғандардың шығыны толық жабылып, ай сайын жатын орын мен тамаққа, басқа да шығындар үшін £2,000 сомасында стипендия алады. Ұйымдастырушылар Ұлыбританияға барып-келу билеттері мен виза құнын төлейді. Өтінім беру кезінде үміткер түйіндемесін, жеке өтінімін, жұмыс берушінің жазбаша қолдау хатын және бірнеше жұмысының үлгісін жүктеуі қажет.

Turkiye Burslari бағдарламасы

Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасын түрік және ағылшын тілдерінде оқуға болады.
Стипендия:
Оқу ақысы;
Бір жыл тегін түрік тілі курсы;
Ай сайынғы стипендия;
Медициналық сақтандыру;
Екі бағытқа әуе билеті (эконом класс);
Тегін жатақхана мен екі мезгіл тамақ;
Үйде тұратын студенттерге ай сайын төленетін 550 лира;
Академиялық / мәдени және басқа қосымша бағдарламалар сияқты шығындарды қамтиды.
Қойылатын талаптар:
Таңдаған университеті бағдарлама талаптарына сәйкес болуға тиіс;
Қажетті білімі болуы керек;
Магистратураға және докторантураға түсетін үміткер-лер оқыған мамандықтарына сәйкес таңдау жасауы қажет.
Құжаттар:
Аттестат/ диплом;
Қабылдау емтихандарының нәтижелері (бар болса);
Қорытынды емтихан нәтижелері;
Халықаралық тестілеу нәтижелері (бар болса);
Басқа да оқу жетістіктері;
Ағылшын тілінде оқуды таңдағандар тіл білу деңгейін растайтын сертификатты тіркеуі қажет.
Өтінімді түрік немесе ағылшын тілінде толтыру қажет.

Словакияның ұлттық стипендиялық бағдарламасы

Стипендия жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқу, оқытушылық, ғылыми/көркем-өнер тағылымдамаларын жүзеге асырады. Бағдарламаны Словакия республикасының Білім, ғылым, зерттеулер және спорт министрлігі қаржыландырады.
Стипендия түрлері:
Тұру шығындарын өтеуге арналған стипендия;
Шетелдік студенттерге Словакиядағы ЖОО-да оқу тағылымдамасынан өту (1-2 семестр);
Шетелдік ЖОО/ ғылыми-зерттеу ұйымдарының аспирант-тары оқу және ғылыми/ көркем-өнер тағылымдамасынан өту (1–10 ай);
ЖОО оқытушылары, ғылыми қызметкерлері және шетелдік ЖОО/ғылыми-зерттеу ұйымдарының өнер саласындағы қызметкерлеріне оқытушылық, ғылыми және көркем-өнер тағылымдамасынан өту (1–10 ай);
Словакияда оқу немесе ғылыми тағылымдамаға студенттер мен аспиранттардың сапарына байланысты жол шығындарын төлеуге арналған дотациялар.
Стипендияға Словакиядан басқа елдердің азаматтары үміткер бола алады.
Студенттер мен аспиранттар ғана жол шығындарын төлеу дотациясына өтініш бере алады. Оның көлемі үміткердің тұрғылықты жері мен Словакиядағы мекенжайының арақашықтығы бойынша есептеледі.

Адам құқықтары жөніндегі Гарвард жазғы тағылымдама бағдарламасы

Адам құқықтары бойынша жазғы тағылымдама бағдарламасы қатысушыларға кәсіби және интеллектуалдық тұрғыдан даму мүмкіндігін береді. Гарвардтың адам құқықтары бойынша заң мектебі осы жазғы тағылымдамаға ерекше назар аударады. Тағылымдамадан өтушілер адам құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасып, АҚШ-тан тыс адам құқықтарымен айналысатын үкіметтік емес және үкімет-аралық ұйымдармен кемінде сегіз апта жұмыс істейді.

Айдана НҰРБАҚЫТҚЫЗЫ,

«Ұлан» газеті

960 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз