Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қараша, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгін өте маңызды тарихи күн

Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс беріп, бұл күнді өте маңызды тарихи күн деп атады.

«Ең алдымен, баршаңызды құттықтаймын. Бүгін өте маңызды тарихи күн. Еліміз өз жарқын болашағы үшін белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Бәрі дұрыс болады деп ойлаймын.

Шын мәнінде бұл жыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтарды еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар», - деді Президент дауыс беру рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Аталған сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Мұқанованың айтуынша, аталған учаскеде 2627 адам тіркелген. Қазіргі уақытта оның 209 сайлаушы дауыс беріп үлгерген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевті 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.

Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты.

759 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз