Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Қараша, 2022

Қазақстандағы президент сайлауы - әлемдік БАҚ назарында

Еуропалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы жайлы ақпарат таратуда. Солардың кейбіріне тоқталып өтсек.

Алғашқылардың бірі болып Reuters , Euronews , TRTworld , Anadolu Agency, Bangkokpost, Lemonde т.б. басылымдары пікір білдірді. 

Abcnews басылымы: “Қазіргі президент Қазақстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетеді деп күтілуде” деп аталатын мақаласында Мемлекет басшысының парламентті күшейту, президенттік өкілеттіктерді қысқарту және президенттік өкілеттікті бір жеті жылдық мерзіммен шектеуді қамтитын реформалары туралы жазды. 

Anadolu Agency басылымы          “Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтуде” тақырыбымен жариялаған мақалада “Мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айының соңында «сайлау бүкіл саяси жүйені түбегейлі қалпына келтіруге әкелетін сайлау циклін бастайды» деп жарлық шығарған болатын”,- деп жазады. 

Шетелдік БАҚ-тар жариялап жатқан мақалалардың көпшілігінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы тыныш өтіп жатқаны, дауыс берушілердің белсенділігі аталып өтілген. 

– Сайлау учаскелерінде дауыс беру белсенді жүріп жатыр, кейбір учаскелерде кезек бар, адамдар отбасымен келуде. Сайлау учаскелерінде байқау функциясын жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ТМД, ШЫҰ және халықаралық байқаушылар бар, - деп жазады  “Беларусь ОСК мүшелері Денис Дук пен Елена Кунцевич Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылады” деген мақаласында   “Беларусь сегодня” басылымы.

Ал «Ассоушиэйтид пресс» агенттігі "Осыған дейін реформа жүргізіп, Парламенттің пәрменін күшейтіп, Президенттің билігін шектеген Қазақстандағы сайлау турбуленттік кезеңмен тұспа-тұс келді",- деп жазды. 
 


"Қазақ газеттері" ЖШС тілшілері

Фото: Anadolu Agency

 

560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз