Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 22 Қараша, 2022

Стив Джобс. Махаббатың бар кезде ғана өмір мәнді

Мен іскерлік әлемінің құзар шыңына шықтым. Бөтен жандар үшін менің өмірім бастан-аяқ жетістіктен тұратындай көрінер. 
Алайда, жұмыстан басқа қуаныш болмапты. Байлық деген мен үшін үйреншікті өмір сипаты ғана.

Дәл қазір аурухананың кереуетіне байланып жатып, өткен өміріме қарап баға беріп жатырмын. Бұрын мақтан еткен байлық пен жетістігім – ажал демінің алдында түк емес екенін сезіне бастадым.

Түн қараңғысында өзімді қосып қойған құрылғылардың жасыл отына қарап, уілдеген дыбысын естіп, күн өткен сайын ажалдың жақындап келе жатқанын түсінемін...

Адам өзіне жетерлік ризық-несібесін таба алатын деңгейге жеткен соң өмірлік мақсатымызды басқа арнаға бұруымыз керек екенін енді ғана білдім. Ол дәулетке бағынышты болмаса керек.

Одан да мәнді-мағыналы дүниеге бет алу қажет. Мүмкін өмірлік қарым-қатынас, бәлкім өнер қуу, жастық шақтың орындалмағанын арманына жан бітіру ықтималдылығы...

Тек қана ақша таба беруді мақсат еткен адам қуыршаққа айналады. Менің басымнан өткен жағдай бұған дәлел. 

Жаратқан әр адамға сезім берді. Өз махаббатын өзге жүрекке бойлатсын деді. Сезімнің байлыққа еш қатысы жоқ. Менің бұ фәниде тапқан бар байлығым осы дүниеде қалмақ. Өзіммен ештеңе ала алмаймын. Мен әкете алатын байлық –  от сезім жүректі қарып жазған ыстық естеліктерім ғана. Сізді сақтайтын, әрдайым сіздің жүректе тірі болатын, күш беретін, жарыққа ұмтылдыратын саф байлық -  ол сіздің махаббатыңыз ғана. 

Тек махаббат қана мыңдаған шақырымдарды еңсере алады. Махаббатың бар кезде ғана өмір мәнді. Сезім шақырса, соңынан еріңіз. Биіктен көрініңіз. Жетістікке жетіңіз. Бәрі де өз қолыңызда. 
Дүниедегі ең қымбат төсек қай төсек? – Науқас адамның төсегі. 
Сіз көлікті айдауға жүргізуші жалдай аласыз, сіз үшін ақша табуды бөтен адамға тапсыра аласыз, бірақ ешкім сіз үшін науқас болып, төсек тартып жатпайды. Сіз үшін бөгде жандар ауыра алмайды.  
Біз жоғалтқан заттай дүниенің есесі толар. Бірақ бір жоғалтсаң, қайтып таба алмас зор құндылық бар – ол өмір. 
Сіз ота жасайтын бөлмеге жақындаған сайын өзіңіз оқып тауыспаған бір кітап бар екенін түсінесіз. Ол кітап «Саламатты өмір кітабы» деп аталады.  
Дәл қазір өмірдің қай шегінде тұрғанымыз маңызды емес. Ақтық сапарға аттанатын күн бәріміздің де басымызға туады. 
Бұл фәниде жинай алған бар байлық – сіздің отбасына деген махаббатыңыз, асыл жарға деген от сезім, етене жақын адамға деген жылылық...

Абай болыңыз. Бекем болыңыз. Өзгелерден қамқорлығыңызды аямаңыз. 


Repost from Damien D Hustle Bryant
Аударған Ш.Әбілда

Фото: crast.net

301 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Julienne Wildermuth

23 Қараша, 2022

We created the most advanced AI content creation and optimization tool following SEO practices. It is better than Jasper and SurferSEO. Your content will rank on Google first page. It will plan your content strategy, and create your content. https://appsumo.8odi.net/QOo623 NLP content optimization: You can edit your old or new content and get them rank with this tool. It has a plagiarism checker as good as copyscape. Lifetime licence. 60 days money back guarantee.