Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Қараша, 2022

Ақтөбе облысындағы республикалық жолдың 4 бөлігі жабылды

 Ақтөбе облысының үш аймағындағы республикалық тас жолдың 4 бөлігі жабылды.

«ҚазАвтоЖол» мекемесінің мәліметіне қарағанда, ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты Самара-Шымкент бағытындағы жолдың 776-1 153 шақырымдары, Ақтөбе қаласы мен Ырғыз ауылының аралығына жүк және қоғамдық көліктер үшін бүгін 19.00-ден бастап шектеу қойылған.

«2022 жылғы 23 қарашада сағат 20.00-ден бастап ауа райының нашарлауына (көктайғақ) орай Самара-Шымкент аралығындағы 845-1 153 шақырымы, Хромтау қаласы мен Ырғыз ауылы арасы көліктің барлық түрлері үшін жабылды. Ал Жетісу облысында кеше сағат 20.30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (тұман, көрінудің шектелуі) Сарыөзек-Көктал тас жолының 45-68 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 20.20-да (Астана уақыты бойынша) Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауынан (тығыз тұман, көрінудің шектелуі) Орал-Тасқала-Ресей Федерациясы шекарасы 4-31 шақырымы аралығында, Орал-Переметное бөлігінде көліктің барлық түрлері жүре алмайды», - деп жазды ведомстводан.

Фото: көрнекі

124 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *