Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қараша, 2022

Аязға байланысты ШҚО-ның екі қаласында оқушылар қашықтан оқиды

Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Риддер қалаларында кейбір сыныптарда сабақ тоқтатылды.

Аяздың салдарынан мектеп оқушылары қашықтан оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтай қаласында 29 градус аязға байланысты бірінші ауысымның 1-4 сыныптары қашықтан оқытуға көшірілді.

Риддерде – 26 градус аяз. Бірінші ауысымның 1-9 сыныптары қашықтан оқытылады.

Фото: көрнекі

263 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз