Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қараша, 2022

Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 33 адамға беріледі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Маңғыстау жастарымен кездесуде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты алдағы желтоқсанда 33 жасқа тапсырылатынын айтты.

Грант «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар, «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша беріледі. 

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бері Президент тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Жеңімпаздардың негізгі бөлігі өңірлердің қарапайым жастары екенін атап өту керек. 

Сонымен қатар 10 номинация бойыншаберіліп келе жатқан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы иегерлерінің де аты-жөні жуырда белгілі болды. Бұл туралы Үкімен қаулысы жуықта шыққан болатын.  Ақтауда Zhas Project форумына қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Отыз жыл ішінде 300-ден астам жас «Дарын» сыйлығының иегері атанды. Мұның ішінде маңғыстаулық жас таланттар да бар», - деді министр.


Фото: ҚР АҚДМ баспасөз қызметі

291 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз