Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 24 Қараша, 2022

Курбан Бердыев ирандық клубтың бас бапкері қызметінен кетті

Ресейлік маман Курбан Бердыев Иранның «Трактор» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ирандық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Курбан Бердыев Ресейден түскен ұсынысқа байланысты «Трактор» басшылығына клубтан мерзімінен бұрын кеткісі келетінін айтқан. 

Ресейлік БАҚ 70 жастағы маман «Сочи» тізгінін ұстауы мүмкін екенін хабарлады. 

Маман «Тракторды» биыл маусым айынан бері жаттықтырып жүр. Оған дейін алматылық «Қайраттың» бас бапкері болған. 

406 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз