Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қараша, 2022

Сенатор Жезқазғанның апатты және тозығы жеткен үйлері жайлы мәселені көтерді

Сенатор Медебаев өзінің депутаттық сауалында Жезқазғанның апатты және тозығы жеткен үйлеріне назар аударды.

Мәселені шешу жолдарының бірі – мұндай тұрғын үйдің иелеріне өтемақы төлеу, бірақ оны заң бойынша төтенше жағдай орын алғаннан соң және үйлер құлағаннан кейін ғана жасауға болады.

«Аталған мәселені шешудің жолы – төтенше жағдай жарияланған кезде апатты үйлердің тұрғындарына өтемақы төлеу болып табылады. Бірақ Әділет министрлігі ғимарат құлаған немесе қайта жаңғыртылған кезде ғана төтенше жағдайды хабарлауды ұсынып отыр. Алайда, ғимараттың құлау фактілерінің болмауына қарамастан, ескірген тұрғын үйлердің кез келген уақытта үлкен апатты жағдайға алып келу қаупі жоғары екендігін ескеру қажет. Себебі тиісті шаралар дер кезінде қабылданбаса төтенше жағдай орын алуы әбден мүмкін. Осыған байланысты, Сізге келесі ұсыныстарды жолдай отырып, өңірдің маңызды мәселесіне ерекше назар аударуыңызды сұраймын», - деді депутат.

Фото: senate_kz

463 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз