- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Қараша, 2022
Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды

Павлодар облысының Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды.
Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.
«Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі» делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.

796 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *