Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Қараша, 2022

Қарағандыда балық аулауды субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталды

«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі  бүгін сағат 09:00-ден бастап Qoldau.kz сайтында «Акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталатынын хабарлайды.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, субсидиялар тауар өндірушілерге (көрсетілетін қызметті алушыларға) өтеу жолымен акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін төленетін болады, яғни:

1) 30 % – өсіру кезінде пайдаланылатын жемшөп сатып алу шығыстарын өтеуге (тұқы балық түрлері және олардың будандары);

2) 50 % – балық отырғызу материалын сатып алу шығындарын өтеуге;

3) 50 % – балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығындарын өтеуге;

4) 50 % – дәрілік препараттарды сатып алу шығындарын өтеуге;

5) 50 % – ремонтты-аналық табын сатып алу және оларды ұстау шығындарын өтеуге.

Осы мемлекеттік қызмет бойынша толық ақпаратты және субсидияларды төлеу шарттарын Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығымен бекітілген «Акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау» қағидасында танысуға немесе (8-7212) 56-39-02, 8-701-959-37-77 телефондары арқылы алуға болады.

 

679 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз