Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 29 Қараша, 2022

Бигелді Ғабдуллин: Форум жас әдебиетшілердің кәсіби деңгейін арттырады

Биылғы 2 - 4 желтоқсанда Алматыда жазушылар мен публицистердің  Үшінші халықаралық Форумы  өтеді. Бұл шараны Қазақ ПЕН клубы ұйымдастырып отыр. Форум алдында біз жоба авторы және жетекшісі, Қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллинге бірнеше сауал қойған едік.

–Бигелді Қайырдосұлы, форумды өткі­зу­дегі мақсат не?

– Мойындау керек, бүгінде жас жазушыға оңай емес. Қазіргі қазақ мәдениеті жас және жаңа. Өйткені көп нәрсені басынан бастау керек, көп нәрсені қайта дәлелдеу қажет  және ең алдымен жас жазушыға көмектесу керек.

– Жас жазушылардың өміріне, шығар­машылық туындысын шығаруға не кедергі?

– Мақсатымыз – қазақ әде­биетін халықаралық деңгейде насихаттау, әлем әдебиетінің күрделі проблемалары бойынша пікір алмасу және жас қазақ жазушылары мен публицистерінің шет ел әріптестерімен шығармашылық байланысын нығайту, жас жазушылар мен публицистердің шығармашылық проблемаларын талқылау, шет ел жазушыларының қазақ әдебиетіне деген ықыласын арттыру.

–Форумның басты тақырыбы неге «Жас­тар сөйлесін» деп аталды?

–Менің ойымша, бұл форум жас әдебиетшілер мен публицистердің кәсіби деңгейін көтеруге ықпал жасайды.

– Форумға кім қатысады? 

– Біз 12 елдің белгілі прозашыларын, ақындарын, публицистерін және Қазақ­станның қырықтан астам жас жазушылары мен публицистерін шақырдық.

– Жалпы форум туралы айта кетсеңіз...

 – Жаңа айтып кеткендей, Алматыға әлемнің әр түрлі елдерінен әдебиет пен публицистиканың әр жанры бойынша семинар жүргізуге белгілі жазушылар мен публицистер келеді (12-15 адам).  Форум жұмысына қатысу үшін талантты жастардан (40 жастан аспаған) 40-43 қазақ жазушыны іріктеп алдық. Олар бізге ертеректе жазған жұмыстарын (повесть, әңгіме, өлеңдер, мақала) жіберген. Тапсырылған жұмыстардың біразы аударылып, семинар жетекшілеріне тапсырылды.

Үшінші халықаралық форум өз жұмы­сын мына тақырып бойынша пле­нар­лық отырыспен бастайды: «Жас авторларға қолдау көрсету: іздеу, кәсіби дамыту. Ілгері дамыту». Бірінші кезекте қонақтар сөйлейді Олардан кейін жастарға сөз беріледі. Түскі астан кейін семинар жетекшілері мен қонақ-жазушылар семинарларға бөлініп, жастар шығармашылығын талқылайды.Бұл күні Бақыт Кенжеев (АҚШ), Саймон Холлингсворт (Ұлыбритания), Месут Сенол (Түркия), Эргали Гер (Литва), Максим Шевченко (Ресей) және басқа қаламгерлер шеберлік сағатын өткізеді.

Екінші күні секциялар бойынша жұмыс жалғасады. Одан кейін – «Әдеби білім: проблемалар, шешім, ұсыныстар» атты тақырыптағы дөңгелек үстел өтеді.Түскі астан кейін секция жетекшілерінің қорытынды отырысы. Осында әр номинация поэзия, проза, публицистика бойынша конкурс қорытындысы хабарланады. Соңғы отырыста ұйымдастырушылар мен секция жетекшілерінің қорытынды сөзі тыңдалады. Мұнда әр түрлі номинациялар бойынша ең жақсы шығарманың қорытындысы шығарылады. Нәтижелер финалдық сессияда хабарланады. Үшінші күн қонақтар Алматымен танысып, қала сыртына шығып, жүзімдік плантациясын  көреді.

Жобаның жетекшісі ретінде мұндай іс-шаралар біздің жас жазушылары­мызға бір-бірін ғана емес, басқа елдердің әдебиетінде болып жатқан процестер туралы көбірек білуге көмектесетініне сенімдімін. Форум аясында өтетін әңгіме өз шығармашылығын, зертханасын терең түсінуге, кәсіпқойлықты арттыруға,  жазушылардың байыпты өзара байланыс-тарын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар оқырмандардың жас жазушылардың шығармашылығына деген қызығушылығы артады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Еркін ҚАЛДАН

1316 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз