Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 29 Қараша, 2022

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды

 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян бейнеконференцбайланыс режимінде өткен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

?Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының көлемі 14%-ға артып, $18 млрд-қа жетті.

Биыл айтарлықтай өсім тіркеліп отыр, 10 айда бұл көрсеткіш шамамен 33%-ға өсіп, $19,7 млрд-ты құрады. 

«Мемлекеттер басшылары 2030 жылға қарай тауар айналымын $35 млрд-қа дейін ұлғайтуды мақсат етіп қойды. Біз қытайлық әріптестерімізбен бірге осы ауқымды міндетті іске асыруға дайынбыз», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Оның айтуынша, жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын одан әрі кеңейту, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнату қажет. Атап айтқанда, Қазақстан оң сауда трендін нығайтуға және Қытайға 135 тауар позициясы бойынша өз өнімінің экспортын ұлғайтуға дайын.

Өз тарапынан Ли Кэцян Қытай Қазақстанды достық байланыстағы көршілес ел және маңызды сауда серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ҚХР жүктерді және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға, энергетика саласындағы жаңа жобаларды іске қосуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше қызығушылық танытып отыр.

Фото: t.me/KZgovernment

473 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз