Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 29 Қараша, 2022

Қырғызстан президенті Өзбекстанмен жекелеген шекара учаскелері туралы келісімге қол қойды

Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров «2022 жылдың 3 қарашасында Бішкекте қол қойылған қырғыз-өзбек Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Қырғызстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Кабар агенттігі  хабарлайды.

Заңды Қырғызстан Жогорку Кенеші биылғы 17 қарашада қабылдады.

«Аталған Заң 2022 жылдың 3 қарашасында Бішкекте қол қойылған қырғыз-өзбек Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы келісімді ратификациялауды ұсынады», - делінген ақпаратта.

Мәселен, 3 қарашадағы Келісімге 302,29 км қашықтықты қамтитын қырғыз-өзбек Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері енген.

553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз