Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қараша, 2022

Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 57-бабына сәйкес, Парламенттің әр палатасы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.

Осы орайда бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Конституцияның 58-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі қызметіне үш кандидатура ұсынылды.

Бұл тұрғыда палата депутаттары Михаил Бортникті, Рүстем Нұрпейісовті, Юлия Энгельді Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне тағайындау мәселесін қарап, аталған кандидатураларды бекітті.

Бортник Михаил Михайлович 1960 жылы туған. Павлодар индустриалды институтын және Орта Азия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1982 – 1986 жылдары Шевченко қаласындағы пластмасса зауытында техникалық жабдықтарды жөндеуші қызметінен бастады.

Сондай-ақ, еңбек жолының маңызды кезеңдерінде Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Парламенті Сенатының депутаты лауазымдарында қызметтер атқарды.

2020 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі қызметін атқарып келді.

Рүстем Еслямбекұлы Нұрпейісов 1971 жылы туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1988 – 1994 жылдары Көкшетау облысының «Авангард» совхозынан бастаған. Рүстем Еслямбекұлы еңбек жолының маңызды кезеңдерінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында бірқатар қызметтер атқарды.

Сондай-ақ, 2002 – 2021 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ішкі аудит департаментінің директоры лауазымдарында бірқатар жауапты қызметтер атқарды.

2021 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Есеп комитетінің мүшесі қызметін атқарып келді.

Юлия Федоровна Энгель 1982 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін және Мәскеу қаласындағы Қазіргі заманғы гуманитарлық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы жеке ұйымдарда заңгер-консультанты қызметінен бастаған.

2008 – 2021 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бірқатар лауазымдарында қызметтер атқарды.

2021 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Есеп комитетінің мүшесі қызметін атқарып келді.

309 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз