Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қараша, 2022

Алматы мәслихаты 2022 жылға нақтыланған бюджет жобасын қолдады

Алматыда 2022 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі мәслихат отырысы өтті.

Бюджетке өзгерістер қаланың әлеуметтік басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2030 жылға дейін тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асыру үшін қосымша қаражат бөлінді.
Техникалық және кәсіптік білім беру аясында жастарға қосымша гранттар берілетін болады. Гранттар 5 колледждің 1032 студентіне бөлінеді.
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 50 жас отбасыға (барлығы 1050 пәтер) «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй сатып алуға қосымша қаражат бөлінді. Сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана алуға да қаражат қарастырылды.
Қаланың көлік инфрақұрылымына қатысты тапсырыс берілген 300 автобустың алғашқы 200 жаңа автобусын сатып алуға алдын ала төлем жасалатын болады. Бұдан басқа, қоғамдық көлікте азаматтардың жеңілдетілген санаттарын тасымалдау өтемақыны қаржыландыру жалғасады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекші құралдарды сатып алу үшін қаражат қарастырылған, атап айтқанда: 180 тифлотехника құралдары (көру бойынша), 133 сурдотехника құралдары (есту бойынша), 188 қозғалыс құралдары (таяқтар, жаяу жүргіншілер, балдақтар). Мұқтаждар санының артуына байланысты 418 ымдау тілінің маманының қызметіне қаражы қарастырылды.
№ 129 мектеп ғимаратын қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарымен сейсмикалық күшейтуге және № 9 мектеп-интернатына қосымша ғимарат салуға қаражат бөлінді.
Алатау ауданында мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығын салуға қаражат қарастырылған.
Сонымен қатар инженерлік желілерді, жол-көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша нақты шаралар қарастырылған. Түрксіб ауданындағы «Нижняя пятилетка» шағы ауданына кәріз желілерін салуға және су желілерін қайта жаңғыртуға қаражат бөлінді. Сондай-ақ, Алатау ауданында Әйгерім - 1,2 шағын ауданындағы ағынды суларды сору станциясының құрылысына ақша бөлінді.

Фото: Досжан Балабекұлы

241 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз