Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Желтоқсан, 2022

Қазгидромет: Еліміздің бірқатар өңірінде қар жауады

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 01 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде ауа райы Оңтүстік циклонымен анықталады, оның ықпалымен қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауады, тек батысында және шеткі солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Түркістан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.

342 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз