Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Желтоқсан, 2022

Екібастұзда 17 көпқабатты тұрғын үй әлі орталық жылу желісіне қосылған жоқ

1 желтоқсан сағат 08.00-дегі жағдай бойынша 17 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу желісіне қосылмаған күйі қалып отыр, деп хабарлайды  Pavlodarnews сайты.

Жедел штабтың мәліметінше, 5А, 5Б және 6 шағын аудандарда 132 көпқабатты, 114 жеке үй және 13 әлеуметтік нысанда жылумен жабдықтау қалпына келтірілді.

№ 6,8,9,12,14,15 6 қазандықтар жұмыс істеп тұр, 4 қазандық резервте (№5,7,11,13).

— 30 қараша күні сағат 23:51-де электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсуіне байланысты қаланың шағын аудандарының бірінде Шешембеков және Торайғыров көшелеріндегі сегіз көп қабатты тұрғын үйде электрмен жабдықтауда апаттық ажырату орын алды. Қала әкімі тұрғындардың келісімімен жылыту пункттеріне уақытша көшіру туралы шешім қабылдады. Сағат 00:44-те электрмен жабдықтау қалпына келді, тұрғындар көшірілмеді, — деп жазылған хабарламада. 

Бұл апаттық сөндіру жылумен жабдықтауға әсер еткен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды қабылдау мен жылытуды ұйымдастыру үшін 14 уақытша орналастыру пункті, 387 төсек-орын және 1540 отыратын орын ұйымдастырылған.

Апаттық-қалпына келтіру жұмысына барлығы 256 адам және 43 техника жұмылдырылды.

 

Фото: Константин Шелков

pavlodarnews.kz

 

 

523 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз