Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қараша, 2022

Заңгер болу-заман талабы

Заңгерлік білім әркез беделді, әрі абыройлы мамандықтардың бірі болып саналады. Сол себепті, жастар арасында заңгер мамандығына деген қызығушылық барлық кезде жоғары болып қала бермек. Солай бола тұрғанмен, заңгер мамандығының нақты қыр-сырын әркім жете біле бермейді, тіпті талапкерлердің өздері заңгер мамандығын таңдай отырып оның кейбір басым тұстары мен өзіне тән ерекшеліктері жайлы хабардар болмауы мүмкін.Жалпы заңгер мамандығын ең әмбебап мамандықтардың қатарына жатқызуға болады деп санаймын.Жоғарыда аталған жайттарды ескере отырып, Әл-фараби Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің оқытушысы Мухамадиева  Гүлжан Нүсіпжанқызымен сұхбаттасқан едік.
-Қара шаңырақтың оқу сатылары жайлы сөз қозғасақ?
-Бүгінгі таңда жоғары білім біртұтас үш сатылы құрылымға ие болды: бакалавриат – магистратура – ​​докторантура (PhD). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті республикада 1996 жылы бірінші болып магистратура бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды   дайындайтын жетекші  оқу орны болып табылады. Қазір университетте ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі – 2 жыл) және бейіндік (оқу мерзімі – 1-1,5 жыл) бағыттағы 80 мамандық бойынша шәкірттер тәрбиеленіп,даярланады.
-Оқу орындағы магистратура және докторантура (phd) жайлы толықрақ айта кетсеңіз?
-ҚазҰУ магистратурасының білім беру бағдарламалары даярлаудың екі бағыты бойынша жүзеге асырылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді –түлектерге кейіннен ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен табысты айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіптік даярлықты қамтамасыз етеді. Университет магистратураның білім беру бағдарламаларын жетекші шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады. Болашақ магистрлер үшін жыл сайын шетелдік профессорлар дәріс оқиды, университеттің халықаралық байланыстарының арқасында  оқу және тағылымдамадан өту үшін шетелдік жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына шығуға мүмкіндік алады,әлемнің жетекші университеттерінде қос дипломды білім беру бағдарламалары, MBA – бизнес-білім беру бағдарламалары және «Ғылым Ордасы» ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша білім ала алады.
Доктарантураға тоқталып өтсем, ҚазҰУ докторантурасында оқу белсенді зерттеу жұмысын, ғылым мен практиканың басым салаларында жетекші мамандардың жетекшілігімен университеттің ғылыми жобаларына қатысуды көздейді.Университет докторантураның білім беру бағдарламаларын жетекші шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.
-ҚазҰУ-дың жобалары жайлы айта кетсеңіз?
-Өзім қызмет атқаратын заң факультеті   қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында университет жобаларын толықтай қолдаймыз. "ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап" жобасы – бүгінде ­ерекше мәнге ие жастарды көркем шығарма оқу мен кітап құндылығын арттыратын рухани шара.Жобаны қолдау мақсатында студенттермен дебат,дөңгелек үстел,конференциялар ұйымдастырып отырамыз.Ғылыми-инновациялық жобаларына да өзіндік үлесімізді қосудамыз.Университет дамуы үшін жасалып отырған жобаларды тілге тиек ете отыра,жақын күндері болған қуанышты хабарды да айтқым келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғаш рет QS рейтингісі бойынша Орталық Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындары тізіміне еніп, 44-орынға ие болды. Сондай-ақ, «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингісінде бірінші орында тұр. Бүгінде ҚазҰУ әлемдегі ең үздік 150 университет қатарына енген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Сондай-ақ «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» марапатын алған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз университет.
-Сұхбатымызды жалғастыра отыра,заң факультетінің магистрі Сүйінбек Арманханның ойын білсек?Болашақ заңгер қандай болу керек?
-Заңгер мамандығын таңдап қана қоймай оны бар жан-тәніңмен қызығып ізденіп, жұмыс жасау әр түлектің Отан алдындағы парызы деп  білемін. Себебі біздің мамандық адам өмірінің кепілі іспеттес. Шынайы және әділетті шешімдер қабылдауға,тәртіп орнатуға,адам өмірінің қауіпсіздігіне тікелей жауапты тұлғамыз,қоғам алдында артылар міндетте мол.Қорыта келгенде мемлекет алдында, Ата заңымыз алдында жауапкершілікті сезіну керек, заңгер мамандығын таңдау адам бойындағы патриоттық сезімді арттыруға мүмкіндік ашады.Мамандығымыздың ыстық суығына күйіп осы салада жұмыс жасауға дайынмын деп ойлаймын. Басты міндет- әрбір болашақ заңгерге жақсы маман болып шығу үшін тынбай еңбек етіп,ізденіп, сапалы білім алу ғана өз ісіңнің нағыз маманы болуға апарар жол.

Әбзелбек Шынар

391 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз