Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 01 Желтоқсан, 2022

Киелі киіз үй

Маңғыстау облысының тұрғыны Сақтағанова Жаңылхан апа қарт Каспийдің жағалауындағы Тельман ауылында дүниеге келген. Бала кезінен анасының киіз үйдің жабдықтарын өз қолымен жасайтынын көріп өскен Жаңылхан апа 11-12 жасынан алаша, тоқуды үйренеді. Киіз үйдің ішкі жабдықтары басқұрдан бастап, құр, таңғыш, шалма, туырлық, үзік және түндік баулар, бау, иық бау, жел бау сынды асқан шеберлікпен тоқылатын бұйымдарын дайындап, күні бүгінге дейін бұл өнерден қол үзген емес. 

Киіз үй - қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үйі, ұлттық өнеріміздің төл туындысы, салтымыздың жұрнағы, ұлттық тәрбие құралы. 

Төрт түліктің қамы, шаруа жайымен көшіп-қонып жүрген халқымыздың ғасырлар бойығы тәжірибесінен туындаған, уақыт, заман сынынан сүрінбей өткен киелі киіз үйдің адам өміріне пайдасы зор екенін білеміз.

Киіз үй  даланың дауылы мен боранына қарсы тұратындай берік болып жасалса,екінші жағынан көшіп қонуға ыңғайлы, жеңіл, болып жасалады. Жаңылхан апаны осы ұлттық мұрамызды сақтаушы, бүгінге жеткізушілердің бірі әрі бірегейі десек қателеспейміз. 

Жыл сайын киіз үй тігіп, жабдықтарын жаңалап отыратын Жаңылхан апай киіз үйдің жасалуы, пайдасы туралы айтып, қарапайым ісімен-ақ ұрпағының бойына ұлттық салт-дәстүрімізді сіңіріп келе жатқан ақ жаулықты асыл ана. Келесі жылы сексеннің сеңгіріне шығатын Жаңылхан Сақтағанқызы санасы сергек, тың, көкірегі құндылыққа толы, бітімі бөлек, сүйегі асыл қария. 

 

 

Qazaq Gazetteri TV

1608 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *