Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Желтоқсан, 2022

Риддер қаласында үйлер қайта суытып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында үйлер қайта суытып кетті.

1 желтоқсан күні Риддер тұрғындары пәтерлерінде жылудың қайта азайып кеткендігіне шағымданған. Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб өкілдері мұның себебін түсіндірді.

«Жылу электр орталығы суды Громотуха өзенінен алады. Өзендегі «Лениногорск» СЭС учаскесінде қабыршақ мұз жиналуына байланысты осындай жағдай болып отыр. Риддер тұрғындары бұл табиғи құбылысты бұрыннан жақсы біледі. Өзенді тазарту бойынша барлық қажетті жұмыстарды СЭС қызметкерлері жүргізіп жатыр. Жағдай тұрақтанып келеді», - делінген ақпаратта.

Қазір орталықтағы № 2,3 және 6-шы – үш қазандық жұмыс істеп тұр. Жүйеде температура 60 градусқа дейін көтерілді. Төртінші жоғары қысымды қазандықта барлық техникалық жұмыстар жүргізілді, ол қосылуға дайын.

«Жұртшылықтан түсіністік танытып, сабыр сақтауды сұраймыз. Мамандар ЖЭО-да тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Олар жылу электр орталығының агрегаттарын қалыпқа келтіру үшін барлығын жасауда», - делінген хабарламада.

420 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз