Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 01 Желтоқсан, 2022

Роман Скляр қаладағы апаттың алдын ала себебін атады

Екібастұзда баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қаладағы апаттың алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Оның айтуынша, энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті апатқа қатысты алдын ала тексеру жүргізген.
«Тексерудің нәтижесі бойынша құбырлардағы ақаулар станциядағы қызметкердің қате әрекет жасауынан болған. Салдарынан желідегі қысым артқан. Қысым жоғарылап кеткендіктен құбырлар көп жерден жарылған», - деді Роман Скляр.

27 қараша күні қалада бір сәтте жылу желісіне жалғанған құбырлардың 43 жерінен жарылу фактісі анықталса, 28 қарашада тағы 30 ақау шықты. Екібастұзда бұндай апат алғаш рет орын алып отыр.
«Апат ЖЭО-да болған жоқ. Апат желілерде болған. Ақаулар шығып, құбырлардан су көп жоғалғандықтан ЖЭО-дағы қазандықтар автоматты түрде тоқтаған. ЖЭО жағдайы жақсы болмаса да жұмыс жасап тұр», - деді Роман Скляр.

Қазіргі уақытта Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 58 көпқабатты үй жылусыз отыр. Бүгін таңғы сағат 10-да 5А шағынауданындағы ірі ақау жөнделді.
«Алайда, желідегі температураның әртүрлі болуынан және үйлердегі жылу жүйесінен судың дұрыс төгілмеуі салдарынан ЖЭО бұл үйлерге жылу бере алмай отыр. Қазір 5Б, 6 шағынаудандарындағы 41 көпқабатты үйге ақырындап жылу беріле бастады. Ал ертең бәрі дұрыс болса 5А шағынауданындағы 17 үйге жылу беруді бастаймыз», - деді Роман Скляр.

Вице-премьердің сөзінше, жылдар бойы ЖЭО мен желілер қалай басқарылғаны, басшылар қандай жұмыс жасағаны, қаншалықты күтіп ұсталғаны, жөндеулерге қанша қаржы бөлінгені қылмыстық істі тергеу барысында анықталады.

Фото: Константин Шелков

407 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз