Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Желтоқсан, 2022

Екібастұзда үйлердің кіреберістеріне жылыту құралдары қойылуда

Жылыту құралы орналастырылған үйлердің жертөлесі құрғап жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзға келгеннен кейін ондағы кейбір пәтерлерге арнайы барған. Айтуынша, кей пәтерлерде бөлме температурасы +10 градус деңгейінде болған. 
 

Кіреберістерді жылыту үшін арнайы жылыту құралдарын әкелу тапсырылды. Үйлерге жылу бергенде де жылыту қажет болады. Қазіргі таңда бірқатар үйлердің кіреберісіне жылыту құралдары қойылды. Нәтижесінде жертөлелер құрғап жатыр, - деді Роман Скляр. 


Ол жылумен жабдықтауға әлі қосылмаған үйлердің тұрғындарына жылыту пункттеріне уақытша көшуді ұсынғанын айтты. Алайда көбі ол ұсыныспен келіспеген. 

Роман Склярдың айтуынша, қалада пәтер ұрлығы мен тонау оқиғалары болған жоқ. Соған қарамастан полицейлер үйлерді күзету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 

Бірінші вице-премьер басты міндет барлық ақауларды жою екенін айтты. Қазір 300-ден астам маман жұмыс істеуде.

488 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз