Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Желтоқсан, 2022

Басылымдарға жазылу науқаны жалғасып жатыр

Биылғы жыл аяқталуға бір айға жуық уақыт қалса да, газет-журналдарға жазылу науқаны әлі де жалғасып жатыр.

"Қазақ газеттері" серіктестігі басылымдарының оқырмандарымен келесі жылы қайта қауышып, мазмұнды да, қызықты, еліміз үшін маңызды ақпараттар, мәні зор мақалалармен бөлісуге дайын.

Бүгін бізді ерекше қуантқан жағдай, еліміздің министрлері бастама жасап, серіктестігімізге қарасты бірқатар газет-журналдарымызға жазылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Өздеріңізге белгілі, биыл Президент тапсырмасына орай «Балалар жылы» болып жарияланды. Өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беру – мемлекеттің басым бағыттарынының бірі", - дей келе, министр мырза танымдық көзі болып табылатын газет-журналдарға жазылуды насихаттай отырып, басылымдар оқырмандарға сапалы мазмұн мен пайдалы дүниені ұсынса деген тілегін білдірді.

"Бөлімшеде балалар басылымы «Ұлан», «Балдырған», «Дружные ребята», сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Түркістан», «Егемен Қазақстан», “Казахстанская правда», «Астана ақшамы”, “Вечерняя Астана” және тағы басқа басылымдарға жазылдым. 

Барша оқырманды да баспасөзге жазылуға шақырамын", - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Жақсы бастаманы сіздер де қолдап, жалғасын табады деген сенімдеміз, құрметті оқырман!

Фото: www.facebook.com/darhan.hidirali?mibextid=ZbWKwL

340 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз