Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 02 Желтоқсан, 2022

Джакартада Қазақстан-Индонезия дискуссиялық клубының бірінші отырысы өтті

Индонезияның академиялық және сараптамалық топтарының қатысуымен Қазақстан-Индонезия дискуссиялық клубының бірінші отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне Қазақстандағы саяси реформалар және президенттік сайлаудың нәтижелері, АӨСШК 6-шы Саммитінің қорытындылары, Қазақстан-Индонезия қатынастары, сондай-ақ ағымдағы жаһандық экономикалық процестерге шолу сияқты мәселелер кірді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«UPNV Jakarta» университеті Халықаралық бөлімінің басшысы Бамбанг Сусанто Қазақстандағы ағымдағы саяси процестер елдегі азаматтық қоғамның дамуына оң әсер ететінін, соның нәтижесінде мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың неғұрлым тиімді және теңгерімді моделі қалыптасатынын атап өтті.

Индонезия СІМ Оқу орталығының оқытушысы Рахмат Прамононың пікірінше, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар пакеті президенттің өкілеттіктерін шектеуден және парламент функцияларын қайта форматтаудан бастап жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға дейінгі шаралардың кең ауқымдылығымен ерекшеленеді. Ол сайлау нәтижелері, атап айтқанда, дауыс берушілердің жоғары белсенділігі, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға бағытталған халықтың кең қолдауын көрсетеді деп мәлімдеді.

АӨСШК-нің 6-шы саммитінің қорытындысына қатысты Оңтүстік-Шығыс Азия зерттеу орталығының талдаушысы Вирамалла Анджая талқылау барысында Кеңестің Азия өңірі үшін өзекті мәселелерді талқылау мақсатында ортақ платформа болуға әлеуеті бар екенін атап өтті. Оның американдық, еуропалық және африкалық аймақтардан айырмашылығы – Азияда Кеңеске ұқсас құрылымдар бұрын құрылмаған болатын.

Индонезияның сыртқы саяси қоғамдастығының аға ғылыми қызметкері Иван Виранатаатмаджа АӨСШК қызметіне жоғары баға беріп, оның одан әрі эволюциялық дамуының маңыздылығын атап өтті.

Индонезия СІМ аға кеңесшісі және Буди Лухур университетінің оқытушысы Фостер Гултом Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты дамытуға жәрдемдесу үшін ұжымдық шараларды айқындау мәселесі бойынша АӨСШК мен АСЕАН арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап өтті. Ол екі платформаның күш-жігерін тиісті түрде шоғырландыру арқылы өңіраралық ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге шығады деп санайды.

Сонымен қатар, спикерлер жаһандық экономикадағы соңғы үрдістер, әлемдегі өзгермелі геосаяси және геоэкономикалық ахуал аясында Қазақстан-Индонезия экономикалық ынтымақтастығын нығайту үшін қажетті шаралар, сондай-ақ елдер арасындағы іскерлік әріптестік байланыстарды одан әрі кеңейту перспективалары бойынша пікір алмасты.

331 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *