Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 02 Желтоқсан, 2022

Алматыда құсбегілер турнирі өтті

Алматы ипподромында «Қыран-2022» республикалық құсбегілер турнирі өтті.Ұлттық спорт ұлықталған іс-шараға 100-ден аң аулайтын құс мен қазақтың құмай тазысы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәстүрлі сайыс «Бүркіт», «Қаршыға», «Сұңқар» және «Тазы» сынды төрт номинация бойынша ұйымдастырылды. «Бүркіт» номинациясында бірінші орын иеленген Диас Күнтуғанға (Алматы қ.) 500 мың теңгенің ақшалай сертификаты, кубок және арнайы дайындалған белбеу берілді. «Сұңқар» номинациясында Таңат Оспанқұлов (Қарағанды қ.), «Қаршыға» номинациясында Айдар Бекмұхамбет (Алматы обл.), ал «Тазы» номинациясында Сұлтансері Есентаев (Алматы қ.) жеңіске жетті.

Жүлдегерлер 300 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат, кубок пен арнайы дайындалған белбеу алды. Турнирдің жалпы жүлде қоры шамамен 3 миллион теңге.

Суреттерді түсірген: С.Құсайынов

564 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз