- Инфографика
- 15 Желтоқсан, 2022
Өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,4% құрады
Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтар-қарашада 101,4% құрады,- деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді. Айтарлықтай өсім Жамбыл (10,6%), Ақмола (10,6%), Абай (9,8%) облыстарында және Алматы қаласында (10,3%) байқалды. Төмендеу Қостанай (5,1% - ға), Түркістан (4,5% - ға), Атырау (2,3% - ға), Жетісу (2,1% - ға), Батыс Қазақстан (1,3% - ға), Қызылорда (1,1% - ға) және Павлодар (0,7% - ға) облыстарында тіркелді.
2022 жылғы қаңтар-қарашада 43850 млрд. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 22690 млрд. теңге (жалпы көлемнен 51,7%), өңдеу өнеркәсібінде - 18783 млрд. теңге (42,8%).
2021 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда түсті металдар кендері (105,9%), сусындар (110,1%), темекі өнімдері (109,8%), жеңіл өнеркәсіп (106,9%), химия (109,4%) және металлургия өнеркәсібі (103,9%), резеңке және пластмасса бұйымдары (102,9%) өндірісінің өсуі байқалды.


Фото: ашық дереккөздерден
1305 рет
көрсетілді0
пікір







