- Инфографика
- 11 Қаңтар, 2023
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заңы наурыз айында қолданысқа енеді

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң биыл наурыз айынан бастап қолданысқа енеді, - деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми телеграм каналы.
Бұл құжат кредитін төлей алмай, қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған:
▪️соттан тыс банкроттық
▪️сот арқылы банкроттық
▪️ қабілеттілігін қалпына келтіру
Мұндай рәсімдерге қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады.
Азаматтардың міндетті түрде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтуі көзделіп отыр.
Осы шаралардың барлығы банкроттық рәсімінен кейін азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
«Заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артатын болады. Алдағы уақытта жылдам қарыз алу үшін кредиттік тарихының дұрыс болуына азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Банкрот деп мойындау қарыздарды төлемей кету емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек екенін әркім білуі керек», — деп қорытындылады Премьер-Министр.
ҚР Премьер-Министрінің тапсырмалары жоғарыда берілген инфографикада көрсетілген.

2696 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *