Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 14 Қаңтар, 2023

Елімізде дайын өнімге сұраныс көбейді - статистика

Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2022 жылдың IV тоқсанда өткен 2022 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда дайын өнімге сұраныстың ұлғайғанын белгіледі. Дайын өнімнің 2022 жылдың IV тоқсанында өткен тоқсанмен салыстырғанда сол денгейде қалды,- деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Осылайша, 2022 жылдың IV тоқсанында сұраныстың өзгеруін бағалау балансы 3%-ды, өндіріс өзгеруін бағалау балансы 7%-ды құрады (2022 жылдың III тоқсанында тиісінше 3% және 2%).

2022 жылғы IV тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнама нәтижелері бойынша алынған өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі төмендеп, 2% құрады. Бұл ретте өнеркәсіп кәсіпорындарының 69%-ы қаржылық-шаруашылық қызметтің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуын, 12%-ы – жақсаруды және 10%-ы – нашарлауды күтеді.

Сауда кәсіпорындарына жүргізілген сауалнамаға сәйкес 2022 жылдың IV тоқсанында 2022 жылдың                      III тоқсанымен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың төмендегені байқалды. 2022 жылдың IV тоқсанында сұраныстың өзгеруінің балансы өткен тоқсанмен салыстырғанда -7%-ды құрады (2022 жылдың III тоқсанында -4%), сауда көлемінің өзгеруін бағалау балансы сол денгейде қалды және 0% құрады.

2022 жылғы IV тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнама нәтижелері бойынша алынған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі -9% құрады. Мұндай айтарлықтай төмендеуге  сұраныс және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы әсер етті.

Сауда кәсіпорындарының жартысынан көбі 62% ағымдағы уақытпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметінің өзгермеуін, 10% жақсаруын және 15% нашарлайтындығын күтеді.

2022 жылдың IV тоқсанында 2022 жылдың III тоқсанмен салыстырғанда құрылыс кәсіпорындарының басшылары экономикалық конъюнктураның нашарлағанын атап өтті. Осылайша, тапсырыс беру портфелінің өзгеруін бағалау балансы өткен тоқсанмен салыстырғанда төмендеді және -8%-ды құрады. Орындалған жұмыстардың нақты көлемінің өзгеруін бағалау балансы 2%-дан -8%-ға дейін азайды.

2022 жылғы IV тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнама нәтижелері бойынша алынған құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексіөзгеріп -2%-ды құрады.

Құрылыс кәсіпорындарының 60%-ы қаржылық-шаруашылық белсенділіктің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуын, 8%-ы – жақсаруын және 17%-ы – нашарлауын күтеді.

 

Фото: gove.kz 

 

856 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз