Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 17 Қаңтар, 2023

Үкіметте «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

 «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып келеді, - деп хабарлайды Үкіметтің ресми телеграм каналы.

2027 жылға қарай әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдың бәрін Өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспарланып отыр.

Оған сәйкес, ауылдарда сапалы жолдар мен мәдениет, спорт және денсаулық сақтау объектілері, мектептер міндетті түрде болуы тиіс, сондай-ақ, ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі.

«Біздің басты мақсатымыз – ауылдағы өмір сапасын жақсарту», — деді Премьер-Министр Ә.Смайылов.

Өткен жылдары жоба шеңберінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы құны 326 млрд теңге болатын 3,6 мың жоба іске асырылды.

Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында жобаларды пайдалануға беру қарқыны жақсы.

Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш деңгейі төмен.

 Биыл жалпы құны 143 млрд теңгеге 1,5 мың жоба жоспарланған.
 
2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады.

40 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

Фото: t.me/KZgovernment

547 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *